Ғалымжан Мұстафаев Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары болды

Сурет: ҚР ТСМ баспасөз қызметі
Ғалымжан Әлиакбарұлы Мұстафаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Туризм және спорт министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Ғалымжан Әлиакбарұлы Мұстафаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды", делінген министрліктің 2025 жылғы 13 қаңтардағы хабарламасында.

Ғалымжан Мұстафаев 1978 жылы 7 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану), "Болашақ" университетін (экономика) тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қалалық сотының сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы болып бастаған.

2022-2023 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесін және лотерея қызметін үйлестіру басқармасының басшысы болған.

2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасына басшылық етсе, 2024 жылдан бастап осы кезеңге Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін Қызылорда облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео