Мұз әлі қатқан жоқ: Қазақстандықтарға су айдындарында серуендеудің қауіпті екені ескертілді
Фото: pexels
Ауа температурасы әлі де нөлден жоғары болғанына қарамастан, Қазақстан тұрғындары жұқа мұздың үстіне шығып, ойнап, балық аулауды жалғастырып жатыр. Құтқарушылар мұндай серуеннің қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Қауіпті жағдайлар еліміздің өзге өңірлерінде де тіркеліп жатыр. Шығыс Қазақстан облысында тоғыз жастағы бала мұз астына түсіп кеткен. Құтқарушылар баланы судан шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Оған дене температурасының төмендеуі (гипотермия) диагнозы қойылған.
Тұрғындардан жұқа мұздың үстіне шықпау және өздері мен балалардың өміріне қауіп төндірмеу сұралды.
Бұған дейін тоғыз жастағы қазақстандық баланың мұз астына түсіп, мұздай суға батып кете жаздағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript