Ақмола облысында су айдындарында үш бала мен екі ересек адам көз жұмды

Тонущий человек в воде, утопающий, тонуть, утонуть, потонуть, затонуть, утонувший, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2026 19:23 Фото: unsplash
Ақмола облысында су айдындарында алдыңғы демалыс күндері бес адам қаза тапты. Өңірдегі құтқарушылар қайғылы статистиканың көбеюіне байланысты дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, демалыс күндері судағы адам өліміне қатысты бес оқиға тіркелген.

"Оның бірінде адам суға батып көз жұмса, тағы төрт адам су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың салдарынан қаза болды. Өкінішке қарай, көз жұмғандардың үшеуі – бала", – деп хабарлады ведомство.

ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиғалар Көкшетау қаласындағы, сондай-ақ Аршалы, Целиноград және Астрахан аудандарындағы суға түсуге тыйым салынған орындарда болған.

Жалпы, шомылу маусымы басталғалы бері облыста су айдындарында 15 адам қаза тапқан. Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түсу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және өз мүмкіндігін дұрыс бағаламау.

Осыған байланысты Ақмола облысының ТЖД тұрғындар мен өңір қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: