Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапты. Балқаштан Қарағандыға келе жатқан көлік трассада аударылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, оқиға Ақшатау ауылынан 40 шақырым жерде болды. Үш жолаушысы бар көлік Ақжал кентінен Шет ауданының орталығына кетіп бара жатқан. Жолдың осы бөлігінде жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған. Жол апатынан 30 жастағы жүргізуші мен 32 және 61 жастағы екі жолаушы сол жерде жан тапсырды. Салонда болған тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Апатқа жылдамдықты шамадан тыс асыру себеп деген болжам бар.
Бұған дейін Маңғыстауда көлік жыраға түсіп кеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript