Еліміздің шығысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Еліміздің шығысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 17:09 Сурет: ШҚО ПД
Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірдегі полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, 24 сәуір күні "Алматы – Өскемен – Ресей Федерациясы шекарасы" тасжолының 1139 шақырымында, Глубокое ауданына қарасты Березовка ауылының маңында "Mazda" және "JAC" автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Апат салдарынан "Mazda" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. "JAC" автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

"Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деп мәлімдеді полицейлер.

Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және жол мен ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

Бұған дейін Қарағандыда соқтығысқан екі мотоциклдің жүргізушілері мерт болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: