Ағымдағы жұмыс аптасында Қазақстан заңнамасында қандай өзгерістер болды

Законодательство, закон, законы, законодательные акты, правовые акты, правовая система, законодательная база, права, правовые нормы, весы Фемиды, правосудие, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 17:37 Фото: Zakon.kz
"PRG." цифрлық жүйесі Қазақстан заңнамасында ағымдағы жұмыс аптасында болған өзгерістер туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясын бекітті.
  • Мемлекеттік архивтерге "Ұлттық" мәртебе беру қағидалары қабылданып, тиісті жарлыққа қол қойылды.
  • Жамбыл облысының Қордай ауданында "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешені" атты жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құрылды.
  • Қазақстанда жаңа мерекелік дата бекітілді: 3 қыркүйек – Қазақ тазасы мен төбеті күні.
  • Үкімет әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын қайта қарап, азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызудың кейбір негіздерін алып тастады.
  • Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге алты айлық тыйым енгізілді.
  • Ұлттық банк офшорлық аймақтар тізімін жаңартты.
  • Үкімет жекешелендіру нысандарын сату қағидаларына өзгерістер енгізді.
  • Қазақстанда маңдайшаларды (жарнамалық жазуларды) орналастыруды келісу бойынша жаңа ережелер 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
  • Мәдениет министрлігі фонограмма қолдану туралы көрермендерді хабардар ету қағидаларын жаңартты.
  • Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстандағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының қызметін реттейтін жаңа қағидаларды бекітті.
  • Қазақстан қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға қойылған тыйымды тағы 6 айға ұзартты.
  • Жоғарғы сот әкімшілік істер бойынша процессуалдық заңнаманы қолдану мәселелеріне қатысты нормативтік қаулы қабылдады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: