Ағымдағы жұмыс аптасында заңнамада қандай өзгерістер болды
Фото: Zakon.kz
"PRG." цифрлық жүйесі Қазақстан заңнамасында осы жұмыс аптасы ішінде болған өзгерістер туралы ақпарат дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сүйенсек:
- Тоқаев жаңа мемлекеттік награда – "Қожа Ахмет Ясауи" орденін тағайындады.
- ҚНРДА-да банктерді тарату қағидалары және тарату комиссияларына қойылатын талаптар бекітілді.
- Бас прокуратура активтердің шығу көздерінің заңдылығын тексеру жүргізу қағидаларын өзгертті.
- Үкімет өнеркәсіптік мақсатта өсіруге рұқсат етілген қарасора сұрыптарының тізбесін қысқартты, сондай-ақ оларды өсіру шарттарына қойылатын талаптарды күшейтті.
- Банк және сақтандыру қызметі мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесі белгіленді.
- 12 сәуірден бастап Қазақстаннан сиырлар мен ешкілердің аналық басын шығаруға жарты жылдық тыйым енгізілді.
- Қазақстанда құрылыс нысандарының техникалық күрделілігін айқындау қағидалары қабылданды.
- Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына түзетулер енгізілді.
- Ауыл шаруашылығы министрлігі жер қатынастары саласындағы бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын жаңартты.
- Қазақстанда дербес деректерді жинау және өңдеу қағидалары өзгерді.
- Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына және оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы төлеу қағидалары жаңартылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript