14 қаңтардағы саудада доллар тағы өсті

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 14 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,53 теңгеге көтеріліп, 530,24 теңге болды.

Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 72,17 теңгеге (+0,39) дейін көтерілді.

Ақша айырбастау орындарында доллар 529,9-533,5 теңге, еуро 542-547,5 теңге, рубль 5,09-5,21 теңге аралығында сатылуда.

14 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,48%-ға арзандап, барреліне 80,62 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,36%-ға арзандап, барреліне 77,02 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 528,52 теңге, еуроны 539,14 теңге, рубльді 5,17 теңге деп белгіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті