Алматыда әскери қызметшілер 99 жасқа келген Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Бостандық ауданы қорғаныс істері басқармасының және ардагерлер кеңесінің өкілдері Ұлы Отан соғысы ардагері Анатолий Назарович Поповты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анатолий Попов 1926 жылы 13 қаңтарда Алматы облысының Қаскелең қаласында дүниеге келген. Әскери байланысшы ретінде білім алғаннан кейін 1943 жылы Балтық майданына жіберілді.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Батыр "Риганы азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталды.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Ол соғыс аяқталғаннан кейін де армияда қызметін жалғастырды. 1952 жылы Саратов әскери медициналық училищесіне оқуға түсті. Содан кейін Германияда қызмет етті.

1955 жылы Қазақстанға оралып, 30 жылдан астам қалалық санэпидстанцияда жұмыс істеді. Ардагер үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде оның төрт немересі және алты шөбересі бар.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Әскери қызметшілер майдангерге жергілікті әскери басқару органдары қолбасшылығының құттықтау хаттары мен сыйлықтарын табыс етті. Олар Анатолий Назаровичке жеңіске қосқан үлесі үшін зор алғыстарын білдіріп, оған денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі.

Қазақстан
Ұлы Жеңіс
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев