Елімізде алдағы күндері 35 градус аяз болады

Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күндердегі ауа райы туралы айтты. Мамандардың айтуынша, 2025 жылдың 18-23 қаңтары аралығында елімізде ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтар Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын Атлантикалық циклон анықтайтынын атап өтті.

18 қаңтардан бастап батыста және оңтүстікте қар жауады, бұрқасын болады. 20 және 21 қаңтарда еліміздің солтүстігіне қолайсыз ауа райы жетеді.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Бір қызығы, 18 қаңтарға қараған түні Түркістан облысында қатты жауын-шашын болады.

Бұдан әрі қар жауады деп болжануда:

22 қаңтардан бастап суық ауа массасы тарай бастайды, бұл түнде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі:

"Біз ел тұрғындарын қатты аязға және ауа райының қиын жағдайларына сақ болуға және дайын болуға шақырамыз. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

17 қаңтарда Астанада және Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың желтоқсаны Қазақстанда айтарлықтай жылы болғанын айтқан болатын. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-6 градусқа жоғары болды.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті