Павлодарда 26 млн теңгені қалтасына басқан алаяқ сотталды

Сурет: Zakon.kz
Павлодардың 30 жастағы тұрғыны алаяқтық әрекеті үшін жазасын өтеп жатыр. Ол танымал Kolesa.kz платформасында көлік сатып алуға көмектесемін деп алты азаматты алдап соққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айлакер өзін көліктерді бағасының жартысына алып бере алатын адам ретінде таныстырып, азаматтарды сендіріп, оларды банктерден несие алуға мәжбүрлеген.

Алаяққа сеніп қалған жәбірленушілер жалпы сомасы 26 миллион теңгені қолына ұстатқан. Алайда көп ұзамай, оның уәделерінің бос сөз екенін түсінген азаматтар құқық қорғау органдарына жүгінген. Тергеу барысында анықталғандай, ол қаражатты өз қажетіне жұмсап үлгерген.

"Сот үкімімен алаяқ ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас мекемеде жазасын өтеп, келтірген 26 миллион теңге шығынды толық өтеуге міндеттелді", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта сотталған азамат мекемеде тұлғалық зерттеуден өтіп, түзету жұмыстарына белсенді қатысып жатыр. Мекеме бастығының орынбасары Айдын Калеловтың айтуынша, ол жұмыспен қамту туралы өтініш білдіріп, туыстарымен байланысын сақтап келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды