Қазақстанда есірткі таратушыларға жаза жеңілдетілді

Фото: pixabay
Есірткі таратушыларға жаза жеңілдей түсті. Нақтырақ айтсақ, оларға бас бостандығынан айыру орындарындағы мерзімдер қысқартылды. Бұл ретте, өнімді жасаушылар мен есірткі бизнесін ұйымдастырушылар үшін жаза, керісінше, қатаңдатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

lada.kz дерегінше, Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев өткен жылдың желтоқсан айының соңында ел Президенті қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның ерекшеліктерін түсіндірді.

Есірткі қылмысымен күресуге бағытталған жаңа заңның нормалары 2025 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енеді.

Спикердің айтуынша, есірткі таратушыларға қатысты жазалар жеңілдетілді (ең көп дегенде 5 жылдан 12 жылға дейін, бұрындары 15 жылға дейін болған).

Бұл ретте тыйым салынған заттарды дайындаушылар мен есірткі бизнесін ұйымдастырушылар үшін жаза күшейтілді (15 жылдан 20 жылға дейін не өмір бойына бас бостандығынан айыру).

Бұл шаралар есірткі қылмысын алғаш рет жасаған жастарды қайта тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ, алғаш рет күшті заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуде. Бұрын тек прекурсорлардың контрабандасы үшін жауапкершілік қарастырылған, енді бақылаудағы заттардың заңсыз айналымы мен сатылымы да қылмыс болып саналады.

Заң күшіне енген кезде есірткі бизнесіне және оның қоғам мен елдегі жағымсыз көріністеріне қарсы күрестің жаңа кезеңі басталады.

Бұған дейін Алматы облысында 7 тонна есірткі тәркіленіп, 19 есірткі зертханасы жойылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Өздігінен қоқыс тастағаны үшін шенеуніктерге 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

"Аяз болады, боран соғып, қар бұрқасындатады": Астана мен 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді

Қазақстан картопты үшінші елдерге тасуға тыйым салды

21 қаңтарда Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды