Астанада оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілді

Сурет: unsplash
2025 жылғы 23 қаңтарда, бейсенбіде елорда мектептерінде нөлден бастап 11-сыныпқа дейінгі оқушылар, сондай-ақ бірінші ауысымдағы колледж студенттері ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 22 қаңтарда елорданың білім басқармасы хабарлады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 2025 жылғы 23 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-11-сынып (12) оқушылары мен колледждердің 1-2-курс студенттері (9-сынып базасында) қашықтықтан оқыту форматына көшеді", делінген хабарламада.

23 қаңтарда елордада аспан бұлтты болады, түнде аздап қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -26...-28°С, күндіз: -23...-25°С.

Бұған дейін бүгін Қазақстанның бірнеше өңіріндегі оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылғаны хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы