Қазақстанның бірнеше өңіріндегі оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды
Фото: Zakon.kz
22 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста оқушылар қашықтықтан оқытуға ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қолайсыз ауа-райына байланысты Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтағы бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына жіберілді. Яғни, 3123 бала үйден оқытылады. Тиісінше, мектепке жеткізу тоқтатылады.
Бірінші ауысымдағы сабақтар Павлодар мектептерінде де тоқтатылды. Мектепке дейінгі, сондай-ақ 1-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға жіберілді.
Осындай шектеулер павлодарлық 1-2 курс студенттеріне де қатысты (9 сынып негізінде).
Сабақтар Абай облысның I ауысым оқушылары үшін де тоқталды.
- Бесқарағай ауданының 21 мектебінің 1-9 сынып;
- Бородулиха ауданының 8 мектебінің 1-4 сынып, 4 мектебінің 1-9 сынып, 2 мектебінің 1-11 сынып;
- Жарма ауданының 5 мектебінің 1-4 сынып, 2 мектебінің 1-9 сынып;
- Жаңасемей ауданының 1 мектебінің 1-11 сынып, 1 мектебінің 1-4 сынып;
- Аягөз ауданының барлық мектебінің 1-11 сынып;
Семей қаласының барлық мектебінің 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript