Астанада қатты аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды

Оқушы, Астана, 24 ақпан, бірінші ауысым, қашықтан оқыту форматы , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 21:32 Сурет: Zakon.kz
Астанада 2026 жылдың 24 ақпанында ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір сынып оқушылары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2026 жылғы 24 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", деп хабарлайды қалалық әкімшілік.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК еліміздің үш ірі мегаполисі бойынша 2026 жылғы 24-26 ақпан аралығына ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, Астанада сынап бағаны -31°С дейін төмендеп, қатты аяз болатыны болжанады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: