Қар құрсауында қалған ауылдағы науқасты құтқарушылар ауруханаға жеткізуге жәрдемдесті

Науқас, эвакуация, СҚО, Озерное ауылы, құтқарушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 22:06 Сурет: видеодан алынды
Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы, Озерное ауылында ауа райының нашарлауына және барлық көлік түрлері үшін қозғалыстың шектелуіне байланысты құтқарушылардың шұғыл көмегі қажет болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтеншеліктердің күштерімен 1943 жылы туған ауыл тұрғыны Пресновка ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Боран мен қозғалыс шектеулеріне қарамастан, құтқарушылар науқастың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз етті. Жедел қызметтердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйел қажетті медициналық көмекті дер кезінде алды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қостанай облысында 13 адам қар құрсауында қалып кеткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: