Қостанай облысында 13 адам қар құрсауында қалып қойды

Қостанай облысында 13 адам қар құрсауында қалып қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 10:34 Сурет: бейнежазба скриншоты
Қостанай облысы Денисов ауданында құтқарушылар қарлы боранда қалып қойған 13 адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметіне сүйенсек, эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары Перелески ауылының маңында, республикалық маңызы бар "Қостанай-Қарабұтақ" KAZ19 тас жолында болған.

Ауа райының күрделілігі және жауған қар салдарынан бірнеше көлік қозғалын жалғастыра алмаған.

"Құтқарушылар мен ЖШС қызметкерлерінің күшімен қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне 13 адам болған жеті жеңіл автокөлік шығарылды",- делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Алдын алу мақсатында құтқарушылар ауа райының өзгеруін қадағалау, мүмкіндігінше елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеу және шұғыл қызметтердің хабарламаларын мұқият қадағалау қажеттігін ескертеді.

Бұған дейін Алматы тауларында блок бекеттер қойылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: