Қостанай облысында балықшы мұз құрсауында 7 сағат қалып қойды
Сурет: polisia.kz
Қостанай облысында полицей мұз құрсауында 7 сағат қалып қойған балықшының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ұзынкөл ауданында аязды кеште учаскелік инспектор Арман Райымбеков бір адамның өмірін сақтап қалды.
9 желтоқсанда Троебрат ауылында 75 жастағы Николай Хавревтің таңертең балық аулауға кеткеннен кейін әлі оралмағаны туралы хабар тарады. Қорыққан қызы ауыл учаскелік инспекторына хабарласып, көмек сұрады.
Арман Райымбеков бұл зейнеткерді бұрын да жоғалып кеткен кездерінен танитын. Қақаған аяз бен үскірік жел іздеуді қиындатса да, инспектор дереу әрекет етіп, жедел жәрдемді шақырып, ауыл тұрғындарымен бірге іздеу жұмыстарына шықты. Ауыл тұрғындары мен туыстар қатысқан іздеу үш жарым сағатқа созылды.
"Мұз үстінде қамыстар арасынан қараңғы бір бейне байқалып, Арман дереу жетті. Қария ес-түссіз жатыр, аяғы "электронды бақташы" сымына оралған еді. Инспектор оны сымнан босатып, жедел жәрдемге жеткізді. Ұзынкөл аудандық ауруханасының мәліметінше, егер сәл кешіксе, қайғылы жағдай орын алуы мүмкін еді. Қазір Николай Хавревдің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript