Жетісу облысында 41 адам қар құрсауында қалып қойды

Жетісу облысында 41 адам қар құрсауында қалып қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 18:30 Сурет: pixabay
Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған 41 адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 17 желтоқсанда Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 30 жүк және бір жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар Вахтовка және жолталғамайтың Трэкол автокөлігімен Көктума ауылына 41 адамды жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Құтқарылғандар арасында Беларусь Республикасының 23 азаматы, ҚХР-ның бір азаматы, Әзірбайжан Республикасының үш азаматы және РФ-ның бір азаматы бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: