Жетісу облысында 26 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды

Жетісу облысында 26 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 08:23 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 26 адамды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алакөл ауданында Үшарал-Достық автожолының Ырғайты мен Жаланашкөл учаскелерінің аралығында ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 26 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Құтқарушылар жол талғамайтын Трэкол және Вазтовка автокөлігімен Көктума ауылына 26 жүргізушілерді жеткізді.

Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: