Үшарал-Достық автожолында 26 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды
Фото: unsplash
18 желтоқсанда түнде Алакөл ауданында ауа райының нашарлауы мен қалың қардың салдарынан 26 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ дерегінше, оқиға Үшарал-Достық автожолының Ырғайты мен Жаланашкөл учаскелерінің аралығында болған.
Құтқарушылар жол талғамайтын Трэкол және Вазтовка автокөлігімен Көктума ауылына 26 жүргізушіні жеткізді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
"ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!",- деп ескертті ведомство.
Бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған зауыттың жанынан әйел адамның мәйіті табылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

