Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 3 адамды үсік шалды

Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 3 адамды үсік шалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 16:33 Сурет: pixabay
Жамбыл облысында қар құрсауында қалып қойған 3 адамды үсік шалды. Өңір әкімінің орынбасары Нұржан Қалендеровтің хабарлауынша, жолда қалғандарды құтқару кезінде төрт адам ауруханаға жеткізілен.

Оның екеуінің саусақтары, тағы біреуінің құлағы үсіп қалған.

Енді бірі дене қызуымен түскен. Қордай және Шу аудандарында екпінді желден 2 мектептің шатыры ұшты. Қазір білім ошақтарын қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Айтып өтейік, Жамбыл облысында желтоқсанның 13-інен бері ақтүтек боран мен аяз, жұртты біраз әбігерге салды.

Жолаушылар күре жолда қалып, пойыздар уақытынан кешікті. Осыған орай өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: