Алматы тауларында блок бекеттер қойылды
Сурет: Instagram/shymbulakmountainresort
Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталуда. ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Cондай-ақ төтеншеліктер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылғанын нақтылайды.
"Таулы аймақтарға баруды жоспарлау кезінде қалыптасқан ауа райы жағдайларын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз", делінген ҚР ТЖМ-ның 2026 жылғы 22 ақпандағы хабарламасында.
Айта кетсек, синоптиктер 23 ақпанда қалада тұман болатынын, ал таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с дейін жететінін ескертіп, дауылды ескерту жариялады.
Төтеншеліктер 18 ақпанда да осындай ескерту жасап, алматылықтарды табиғи қауіптен құлақтандырған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript