Алматыдағы шатқалдарға блокбекеттер қойылды

блокбекет, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2023 14:01 Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Алматының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қар еріп және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты қар көшкіні қаупі бар.

"Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы", "Эдельвейс", "Бутаковка", "Қимасар" шатқалдарында блокпостар орнатылды",- деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаменті.

Департамент мәліметінше, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: