Қар көшкіні: ТЖД алматылықтарға үндеу жолдады

Алматы ТЖД, қар көшкіні, Алматы, тау, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 10:31 Сурет: pixabay
Ауа-райына байланысты Алматының таулы аймақтарында тас құлау, қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД мәліметінше, қауіпті аймаққа кіруді шектеу үшін блок-бекеттер қойылған.

"Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді, өйткені қауіпті", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мүдделі ұйымдар таулы жерлерге халықтың кіруін шектеу бойынша шаралар қабылдауы қажет.

Алматы – Космостанция және Алматы – Тұйықсу автомобиль жолдары жабылып, блок-бекеттер қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: