Алматы тауларында қар көшкіні қаупіне байланысты блок-бекеттер қойылады
Сурет: Алматы төтенше жағдайлар департаменті
Алматының таулы аумақтарында қар көшкіні қаупі жоғары. Бұл туралы "ҚР ТЖМ Қазселденқорғау" ММ және Алматы төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың мәліметінше, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылады.
"Құтқару қызметтері азаматтарды таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға үндейді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар аумақ арқылы өтетін автожолда қозғалыс көшкін жағдайы тұрақталғанға дейін уақытша жабылады.
Тауға баруды жоспарлаған тұрғындар ауа райын және ресми ескертулерді ескергені жөн.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы қар жаууына байланысты жүргізушілерге үндеу жасаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript