Астанада 28 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады
Сурет: pexels
Астанада 2026 жылғы 28 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 27 қаңтарда елордалық білім басқармасы хабарлады.
Оқушылардың сабағы онлайн форматта кестеге сәйкес ұйымдастырылады.
Бұған дейін синоптиктер өз болжамында Астанада 28 қаңтарда қар жауатынын хабарлаған. Ауа температурасы түнде: -25...-27°С, күндіз: -15...-17°С.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript