Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі
Сурет: pixabay
Астана мектептерінде бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қақаған аязға байланысты 11 желтоқсанда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы елорданың білім басқармасы 10 желтоқсанда хабарлады:
"2025 жылғы 11 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады".
Бұған дейін синоптиктер қатты аяз болатын өңірлерді атаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript