"Циклон жүріп, аяз болады". Еліміз бойынша 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қырау, аяз, ауа райы болжамы, 28 қаңтар, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 17:58 Сурет: pexels
Атмосфералық фронттальды бөліктерден тұратын оңтүстік циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің 2026 жылғы 28 қаңтар, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамында айтылады, деп хабарлады Zakon.kz.

Метеорологтардың айтуынша, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста да қар қалың түседі, ал батыста ауа райы салыстырмалы түрде қатты мінез танытпайды.

"Бүкіл республика бойынша ортақ табиғи құбылысқа екпінді жел мен тұманның күшеюі жатады. Ал оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста жолдардв көктайғақ болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Сонымен қатар түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз болатыны болжанады.

Айта кетсек, 2026 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) қыс мезгілінде су айдындарында демалушы тұрғындарға ескерту жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: