Журналистер мемлекеттік реттеуді алып тастаған кезде жанар-жағармай бағасының қалай өзгеретіндігін сұрады. Біртіндеп көтеріледі ме әлде бірден шарықтап кетеді ме?
"Мен энергетика министрі болғанда, шатаспасам, 2017 жылы бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеу жойылды. Ол 2022 жылы пайда болды. Ол кезде айтарлықтай өсім болмады, Себебі, нақты ойыншылар белгілі: шамамен 3-4 компания. Қазіргі жағдай да шамалас: "ҚазМұнайГаз", CNPC және тағы бір-екі ірі компания болуы мүмкін. Қалғандары баға нарығына әсер ете қоймайды. Сондықтан, бұл жерде мемлекеттік саясат мәселесі – көтерме жеткізушілермен қандай қарым-қатынас жасау керек екенігін нақтылау қажет. Осы жерде, менің әріптестеріме ұсынар жеке пікірім - бақылауды кезең-кезеңімен босату",- деді Бозымбаев.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда тұтыну нарығы өсіп келе жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Абай облысында интернет-алаяқтықтың ерекше жағдайы ашылғандығы хабарланған болатын.