Астана тұрғыны 36 млн теңге несие ресімдеп, алаяққа аударып жіберген

Сурет: pixabay
Астана алаяқтық қылмысы әшкереленіп, нәтижесінде қылмыскердің көршілес Ресей еліндегі сыбайласымен бірге қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру үшін SIM-карта жасайтын компания ашып, бір реттік SIM-карталар шығарып, адамдарды алдағаны мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті жәбірленушіге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде айтып алдайды. Ол қала тұрғынына арнайы шот ашуға, алты түрлі банктен несие рәсімдеуге көндіреді. Сеніп қалған жәбірленуші 36 млн теңгеге жуық кредит рәсімдеп, күдіктінің шотына жібереді.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде интернет-алаяқтығы бойынша қылмыс жасаған 37 жастағы азамат ұсталды.

Күдіктінің үйін тінту кезінде 3 ұялы телефон, симбокс аппараты, арнайы ноутбук және көп мөлшерде бір реттік SIM-карталар, түбіртектер тәркіленді. Бұл құралдар қылмыскерге көп адамға хабарласуға, олардың жеке деректерін алуға және қаржылық алаяқтық жасауға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тағы 4 ірі алаяқтық қылмысына қатыстылығы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды