ТЖМ 6 ақпанда қазақстандықтарға үрейге бой алдырмауды ескертті

Фото: pexels
2025 жылғы 6-7 ақпанда Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарында "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 1-кезеңі өтеді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 6-7 ақпанда еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өтеді. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.


"Сонымен қатар "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2025 жылғы 6 ақпанда, сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады ведомство.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды