Астана, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн – 2025 жылғы 12-14 ақпан аралығында Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Астана мен Шымкент қалаларында 12-14 ақпанда күн суық болатынын, сынап бағаны -16°С аязды көрсетінін, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болатынын болжайды. 

Астана 

12 ақпан: аспан бұлтты, аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз - 9-14 м/с, күннің екінші жартысында - 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде: -14...-16°С, күндіз: -7...-9°С.

13 ақпан: аспан бұлтты, аздап қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста -  15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°С, күндіз: -3...-5°С.

14 ақпан: аспан бұлтты, күндіз қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°С, күндіз: -3...-5°С.

Шымкент 

12 ақпан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -4...-6°С, күндіз: +2...+4°С.

13-14 ақпан: аспан бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +3...+5°С.

Бұған дейін синоптиктер Алматы қаласында алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты