СҚО-да ер адам қызғаныштан ауылдасын үнемі ұрып келген

Фото: pexels
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында ер адамды қамауға алды. Ол өзінің бұрынғы бірге тұрған әйелімен араласқан ауылдасын үнемі ұрып келген, деп хабаралайды Zakon.kz.

Қызылжар ауданының бұрын сотталған 41 жастағы тұрғыны қамауға алынды. Ол өзінің бұрынғы бірге тұрған әйелімен араласқан ауылдасына бірнеше рет дене жарақатын келтірді деген күдікке ілінді. Сот күдіктіні уақытша ұстау изоляторына орналастыруға рұқсат берді. Осылайша, полицейлер жанжалдың жалғасуының алдын алды.

Жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалмас үшін әрбір жағдай жеке-жеке қаралады. Өткен жылы заңнамалық өзгерістер күшіне енген сәттен бастап СҚО-да 6 адам отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне байланысты қамауға алынды.

2024 жылы облыста ұрып-соғу, жеңіл дене жарақатын келтіру фактілері бойынша барлығы 437 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл құқық бұзушылықтардың құрамы әкімшілік заңнамадан ҚР-ның Қылмыстық кодексіне көшірілді. Жалпы, қылмыс санының ішіндегі 172 факті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты болды. 2025 жылдың басынан бастап осы баптар бойынша 40-тан астам қылмыстық іс тіркелді, оның ішіндегі 19-ы – отбасы және тұрмыс саласындағы істер.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі