Қазақстандық сегіз блогер өз еркімен 1 миллиардтан астам кірісін декларациялады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық сегіз блогер өз еркімен 1 миллиардтан астам кірісін декларациялаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кірістер комитетінің мәліметінше, бұл сегіз блогер бюджетке 70 миллион теңгеден астам салық төлепті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал бұған дейін тізімге енген блогерлерге қатысты ақпараттың рас-өтірігіне қатысты ішкі істер министрлігінің өз айтары бар. Борышкер блогерлер тізімге қатысты ақпарат тарату дерегі тіркеліп, әрі қарай Астананың полиция департаментіне жіберілген.

"Әлеуметтік желілерде блогерлердің деректері бар тізімді тарату ІІМ ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, материал Астана полиция департаментіне жіберілді. Материалды қарағанда осы тізімнің шын екенін анықтау үшін шаралар қабылданады".ҚР Ішкі істер министрлігі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді