Жұмысшы фермердің 10 тонна бидайын ұрламақ болған

Сурет: pixabay
Ақмола облысында полицейлер фермердің егіске дайындаған 10 тоннадан астам бидайын ұрламақ болды деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция ауыл тұрғынының осы шаруа қожалығында 14 жыл еңбек еткенін айтты.

"20 ақпанда полицияға жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан арыз түсті. Ол өз кәсіпорнынан 10,16 тонна бидай тұқымы ұрланғанын айтты. Келтірілген шығын – шамамен 2 миллион теңге. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", - деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ қылмысқа қатысы болуы мүмкін тағы екі ер адамды анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарының басшыларына қырағы болуды, қылмыстың құрбанына айналмас үшін кәсіпорындарына бейнебақылау жүйесін орнатуды ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді