8 наурызда Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қар жауады

Фото: Zakon.kz/Ян Благов
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 7, 8 және 9 наурызына еліміздің үш ірі қаласына арналған ауа райының егжей-тегжейлі болжамын жариялады. Осылайша, метеорологтардың болжамынша, Астана, Алматы және Шымкентте қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласының ауа райы болжамы

7 наурыз: құбылмалы бұлтты, өткінші қар жауады, бұрқасын, көктайғақ. Түнде желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -2-4°С.

8 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші қар, бұрқасын, көктайғақ. Жел секундына 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -1-3°С.

9 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең қар жауады, бұрқасын. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -5-7°С.

Алматы қаласының ауа райы болжамы

7 наурыз: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кешке тұман түсіп, жолдар көктайғақ. Күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз +5+7°С.

8 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдар көктайғақ. Кейде тұман. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +5+7°C.

9 наурызда: құбылмалы бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +5+7°C.

Шымкент қаласының ауа райы болжамы

7 наурызда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашын, күндіз өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар). Таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз +3+5°С.

8 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С.

9 наурызда: құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +8+10°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз