12 наурыздағы сауда барысында доллар бағамы аздап көтерілді

Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 12 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,71 теңгеге көтеріліп, 489,15 теңге болды.

Қытай юанінің орташа бағамы 67,56 теңгеге дейін өсті (+0,13).

Ақша айырбастау орындарында доллар 489,9-492,5 теңге, еуро 529,5-535,5 теңге, рубль 5,59-5,73 теңге аралығында сатылуда.

12 наурыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мамыр фьючерстерінің құны 0,58%-ға өсіп, барреліне $69,96 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының сәуірдегі фьючерстері 0,65%-ға өсіп, барреліне 66,68 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 488,53 теңге, еуроны 531,91 теңге, рубльді 5,68 теңге деп белгіледі.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды