Павлодардағы оңалту орталығы науқастардан тегін қызмет үшін ақша алып отырған

Фото: Zakon.kz
Павлодар қаласының прокуратурасымен жергілікті бюджеттен қаржы бөлінетін оңалту басшылықтың мүгедек тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін заңға қайшы қаржы өндіріп алу деректері айқындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура дерегінше, орталықтың басшысы жалған келісімшарт бекіткен, соның негізінде қызмет алушылар ұзақ уақыт бойы бюджет қаржысы есебінен орталыққа төлемақы жасап отырған.

"Осы уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге шығын келтірілген",- делінген ақпаратта.

Павлодар қаласының полиция басқармасы алаяқтық деректері бойынша Қылмыстық кодекстің 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабы бойынша тергеу жүргізуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Бангкоктағы жер сілкінісінің қорқынышты кадрларын жариялаған болатынбыз. Елде 7,7 балдық зізала тіркелді.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты