Алматы облысында зорлау дерегімен ұсталған күдікті сот ғимаратынан қашып кетті

Сурет: видео скрині
Алматы облысында кісі зорлау дерегі бойынша күдікті іздестіріліп жатыр. Ол бүгін таңертең Қарасай аудандық сотының ғимаратынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға таңғы он жарым шамасында болған. Сот қызметкерлерінің мәліметінше, қашқын ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігі — "Зорлау" дерегі бойынша күдікті. 30 жастағы жігіт сотқа дейінгі қамауда отырған. Ал бүгін алдын ала сот отырысына қатысуы керек болған. Қазір оның қашып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жағдайға жол бергендерге қатысты қызметтік тексеріс те басталды. Полицейлер қашқынды жан-жақтан іздестіріп жатыр. Оны көргендер болса, дереу 102-ге хабар беруін сұрайды.

Айта кетейік, бұл Алматы облысында қылмыскердің изолятордан қашып отырған бірінші жағдайы емес. Ал Қаскелеңдегі бүгінгі оқиғадан соң тұрғындардың мазасы қашқан.


"Қорқамыз. Балалар үшін, болашақ үшін қорқамын. Ол деген жамандық жасаған адам, қоймайды ғой, қаны бұзылған адам. Ол тағы да сондай нәрсе жасауы мүмкін".
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды