Қазақстанда жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынды

Фото: Zakon.kz
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 4 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен жаңа піскен тауық жұмыртқасын әкелуге алты айға тыйым салу енгізілсін, делінген мәтінде.

Ерекшелік жұмыртқаның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті, сондай-ақ олардың ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына – Қазақстан аумағына тасымалдануы болып табылады.

Бұйрық 9 сәуірден бастап күшіне енеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқаны импорттауға уақытша тыйым салу көктемгі-жазғы кезеңде отандық өндірушілерді қолдау үшін белгіленгенін түсіндірді.

Бұл кезеңде, әдетте, жұмыртқаға сұраныс төмендейтіндіктен, нарық қажеттілігі өнеркәсіптік өндіріс пен тұрмыстық өнімдермен толығымен жабылады. Бұл жұмыртқа бағасының төмендеуіне әкеледі, бұл құс фабрикаларының қызметіне және өндірістің рентабельділігіне кері әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, осы кезеңде жұмыртқаның сақтау мерзімі қысқарады, ал технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндірісінің көлемі азаймайды, бұл қоймаларда қордың артық болуына әкеледі.

Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, Сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша шектеу шараларын белгілеудің орындылығын мақұлдады, деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент: Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асты

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Әбенов: Конституциялық реформаның маңызды бағыты – шығармашылық еркіндік, сөз бостандығы болуы тиіс

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды