Мемлекет басшысы Қазақстан армиясының тарихи қадамы туралы айтты

Сурет: akorda.kz
14 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық бітімгершілік күштер қатарында табысты қызмет етіп, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан офицерлер мен сарбаздармен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев көптеген ел бітімгерлік күштерге қосылуға ұмтылатынына, бірақ бәріне бірдей сенім артыла бермейтініне назар аударды. Қазақстанға осындай мүмкіндік беріліп отырғанын, бұл ретте ұлттық армиямыз былтыр тағы бір тарихи қадам жасағанын айтты.

"Қазақстан алғаш рет бітімгерлік міндетін дербес орындауға кірісті. Голан жоталарындағы операция аясында Біріккен Ұлттар Ұйымымен қарым-қатынасымыз мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Біз толыққанды бітімгерлік күштері бар елдердің қатарына қосылдық. Қазақстан – осы салада мол тәжірибе жинақтаған Орталық Азиядағы бірден-бір мемлекет", – деді Президент.

Жоғарғы Бас қолбасшы сарбаздарды маңызды миссияларға даярлау ісіне айрықша назар аударды. Оның айтуынша, аз уақыт ішінде әскери қызметшілерді түрлі дағдыларға бейімдеп, оларды халықаралық стандарттарға сай құрал-жабдықтармен түгел қамтамасыз ету үшін сапалы жұмыс атқарылды.

"Бұл әскеріміздің аса күрделі міндеттерді орындауға қабілетті екенін көрсетеді. Сіздер Сирия дағдарысының шешуші сәтінде ұтымды әрі батыл әрекет жасадыңыздар. Қазақстан армиясының кәсіби деңгейі жоғары екенін дәлелдеп бердіңіздер. Сол күндері қазақ жауынгерінің асқақ рухы мен қайсарлығына бүкіл әлем куә болды. Сіздер қауіпті аймақтарда жұмыс істеп, ерен ерлік көрсетіп, мол тәжірибе жинап келдіңіздер. Енді осы тәжірибені бөлісіп, басқа да әскери қызметшілерді үйрету қажет. Бітімгерлік миссия кезінде меңгерген жаңа дағдыларды еліміздің әскер даярлау жүйесіне енгізу өте маңызды", – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды