Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК метеорологтары 2025 жылғы 15-17 сәуір аралығында еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, айдың ортасында табиғат мінезге салады. Астанада қар жауса, Шымкентте сынап бағаны 27 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

15 сәуір: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5℃, күндіз: +12...+14℃.

16 сәуір: аспан бұлтты, түннің бірінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Күндіз соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде: 0...+2, күндіз: +13...+15℃.

17 сәуір: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5℃, күндіз: +8...+10℃.

Алматы

15 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +9...+11℃, күндіз: +21...+23℃.

16 сәуір: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезіндегі желдің екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12℃., күндіз: +16...+18℃.

17 сәуір: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қатты жел соғады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: +3...+5℃., күндіз: +18...+20℃.

Шымкент

15 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12℃, күндіз: +25...+27℃.

16 сәуір: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12℃., күндіз: +19...+21℃.

17 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +8...+10℃, күндіз: +20...+22℃.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнгі, 2025 жылдың 15-17 сәуірі аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынған

Алматы
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды