"Уайымдап, мазасы қашып тұрды". Түркістанда АҚШ азаматы адасып қалды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысында полиция қызметкерлері велошеру кезінде маршруттан адасып қалған АҚШ-тан келген шетелдік туристке көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, Леңгір қаласының учаскелік полиция инспекторлары Төле би көшесінің қиылысында орналасқан дүкенде уайымдап, мазасы қашып тұрған шетел азаматын байқады.

Оның жеке басын анықтап сұрастыру барысында, Уилсон Райан Митчел есімді 41 жастағы турист, АҚШ азаматы екенін және әлемді велосипедпен аралап жүргенін жеткізді. Шетелдіктің айтуынша, ол Төлеби ауданы арқылы Ташкент қаласы бағытына өтіп бара жатып, навигациялық карта жұмысының бұзылуына байланысты маршруттан адасып қалған.

Полиция туристерге Google Maps қолданбасын қайта іске қосуға көмектесті. Сонымен қатар оған сапарды жалғастыру үшін тамақ пен сусындар ұсынды.

Велотуристтің айтуынша, ол Түркия, Грекия, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстан арқылы Өзбекстанға бет алған. Қазақстан оның саяхат жолындағы 9-мемлекет екен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді