Әділет министрлігі алимент төлемеушілердің жасырын кірістері қалай анықталатынын айтты

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 21 сәуірде Әділет министрі Ерлан Сарсембаев Мәжілістегі Үкімет сағатында алимент төлемейтін, сайт-агрегаторлар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың жасырын табыстары анықталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта борышкерлерді еңбекпен қамту процесін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде – бұл үшін атқарушылық іс жүргізу жүйесін Еңбек министрлігінің деректер базасымен біріктіру жоспарланып отыр. Бұл олардың әлеуметтік мәртебесі мен жұмыспен қамтылуы туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

"Сондай-ақ, Яндекс, InDriver және басқа да сайт-агрегаторлар арқылы жұмыс істейтін борышкерлердің жасырын табыстары анықталатын болады. Сонымен қатар, кірістің басқа да көздерін анықтап, оларды қарызды өндіру үшін пайдалану мүмкіндігі зерттеліп жатыр. Конституциялық соттың нормативтік қаулысында кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардан алимент есептеу және өндіру заңнамасын жетілдіру мәселесін қарастыру ұсынылды. Осы қаулыны орындау шеңберінде "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекске түзетулер әзірленді, оған сәйкес алимент көлемі жеке кәсіпкерлерге қатысты сотпен нақты ақшалай мөлшерде белгіленетін болады", – деді Ерлан Сарсембаев.

Ол бұл заңнамалық түзетулер қазіргі уақытта депутаттардың қарауында екенін атап өтті.

"Сонымен қатар, алимент өндіру мәселелерін жетілдіру Сенат қабырғасында да қаралуда. Сот әкімшілігі, Әділет, Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту министрліктері, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және қоғам өкілдері қатысатын жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы шеңберінде көтерілген мәселелер бойынша заңнамалық шешімдер әзірленуде", – деді министр.

Бұған дейін Қазақстандағы некенің жартысы ажырасумен аяқталып жатқандығы жайлы жазған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін