Тоқаев бавариялық бизнеске Транскаспий дәлізінде хабтар құруды ұсынды

Тоқаев бавариялық бизнеске Транскаспий дәлізінде хабтар құруды ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 22:18 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумында сөйлеген сөзінде микроэлектроника өндірісіндегі ынтымақтастық перспективасына айрықша тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бавария Infineon Technologies, Siltronic, Rohde & Schwarz секілді дүние жүзі мойындаған компанияларды біріктіріп, жартылай өткізгіштер мен микроэлектроника саласында Еуропадағы ең үздік экожүйелердің бірін қалыптастырды. Қазақстанға ауқымды микросхема өндірісінен гөрі отандық өнеркәсіптің дамуына тікелей септігін тигізетін қосылған құны жоғары өнімдер шығарудан бастаған оңтайлы болар еді. Энергетика, тау-кен, металлургия, көлік және өңдеу өнеркәсібі салаларына үлкен қуат ағындарын реттейтін электроникалар, датчиктер, өлшем жүйелері мен автоматтандырылған күрделі басқару жүйесі көбірек қажет. Осы орайда, Bavarian Chips Alliance қатысуымен арнайы серіктестік бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Осының аясында тиісті қазақстандық компанияларды, ғылыми-зерттеу мекемелерін және даму институттарын бавариялық жартылай өткізгіштер өндірісінің экожүйесімен сабақтастыруға болады", – деді Президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа өндірістердің халықаралық нарыққа шығуы үшін көлік және логистика саласындағы сенімді байланыстар өте маңызды.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бавариялық бизнесмендерді Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бойында өнеркәсіп және логистика хабтарын бірлесе қалыптастыруға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: