Президент орнықты ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды

Президенті орнықты ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2025 10:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орнықты ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тоқаев еліміз ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән беретінін айтты.

Орталық Азияда қуатты агроөнеркәсіп кешені бұрыннан бар. Сондықтан аймақ жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқара алады.

Қазақстан Жапонияның ресурс үнемдеу технологиясына, шөлге төзімді дақылдар селекциясына, "ақылды" фермаларды дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытады.

"Осы орайда орнықты ауыл шаруашылығы саласында жапон ғалымдарының және сарапшыларының қатысуымен Зерттеу платформасын құруды ұсынамыз. Астанада қолданбалы ғылымдар саласында ғалымдар мен зерттеушілердің алғашқы кездесуін "Орталық Азия – Жапония" форматында ұйымдастыруды ұсынамын", - деді Тоқаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: