Қазақстандықтарға құжаттардың түпнұсқасын дайындау ұсынылды

Фото: gov4c.kz
Бүгін, 2025 жылдың 25 сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қазақстандықтарға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, азаматтар сегіз сағатқа цифрлық құжаттардан "айырылады".

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қолдау көрсететін жобалардың цифрлық экожүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Техникалық жұмыстар 2025 жылғы 26 cәуір сағат 00:00-ден 08:00-ге дейін жүргізіледі. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

Осыған байланысты, барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыстар кезінде құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда олардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынамыз.

Сондай-ақ, пайдаланушының eGov Mobile қосымшасында ЭЦҚ шығарылған және бұрын цифрлық құжаттар пайдаланылған болса, ол құжаттарды офлайн-режимде қолдануға болатынын хабарлаймыз. Ол үшін телефонды ұшақ режиміне ауыстырып, қосымшадағы цифрлық құжаттарды ашып, тіркеу орнында QR-кодты көрсету жеткілікті. Түсіністік танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Бұған дейін жоспарлы жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 20 наурыз күні сағат 23:00-ден 21 наурыз 08:00-ге дейін жүргізілген болатын. Осыған байланысты қазақстандықтардан ел ішінде ұшқанда құжаттардың түпнұсқасы болуы сұралған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды