Ақтауда ер адам жанжалдан кейін жан тапсырды

Сурет: pexels
Қайғылы оқиға 26-шағынаудандағы №19 үйдің артында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының жазуынша, оқиға туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, қазаға себепкер деген күдікпен бір адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Айта кетейік, 26-шағынаудандағы №19 үйдің тұрғындары көктем келгеннен бері үйдің артқы аумағында үй-күйі жоқ адамдар мен ішімдікке салынған тұлғалар жиі жиналатынын айтқан. Олардың сөзіне қарағанда, жақын маңдағы дүкеннен спирттік ішімдіктер сатып алып, содан кейін сол жерде шулап отырады.

Тұрғындар қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осындай топтардың жиналуына жол бермеу үшін биліктен шара қабылдауды сұрап отыр.

Бұған дейін Алматыда 1 мамырдан бастап субұрқақтар маусымы басталатындығы жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер