Алматыда 28 шілдеден бастап бірнеше автобустың жүріс бағыты өзгереді

Автобус, Алматы, жүріс бағыты, өзгеріс, 28 шілде, 19, 109, 96, 84А , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 19:36 Сурет: Zakon.kz
2026 жылдың 28 шілдесінен бастап Алматыда бірқатар автобус маршруттарының жүріс бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Көлік холдингінің баспасөз қызметі атап өткендей, өзгеріс жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және Хо Ши Мин көшесінің Универсиадная көшесінен Т. Рысқұлов даңғылына дейінгі (солтүстік бағыттағы) учаскесінде қозғалыстың толық жабылуына байланысты орын алуда. Сондай-ақ №19 және №96 маршруттардың соңғы аялдамалары да уақытша өзгереді.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін шектеулер қолданылады.

№19

  • Батыс бағытта: Бауыржан Момышұлы көшесі (солтүстік) – Универсиадная көшесі (батыс) – Хо Ши Мин көшесі (солтүстік) – Мұхамедханов көшесі – Мұхамедханов көшесімен кері бұрылу – Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы.
  • Кері бағытта: "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы – Универсиадная көшесі (шығыс) – Бауыржан Момышұлы көшесі (оңтүстік) – әрі қарай сызба бойынша.

№84А

  • Оңтүстік бағытта: Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – әрі қарай сызба бойынша.
  • Кері бағытта: өзгеріссіз.

№96

  • Оңтүстік бағытта: Бауыржан Момышұлы көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (батыс) – Хо Ши Мин көшесі (солтүстік) – айналма жол арқылы кері бұрылу – Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы.
  • Кері бағытта: "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы – Универсиадная көшесі (шығыс) – Бауыржан Момышұлы көшесі (солтүстік) – әрі қарай сызба бойынша.

№109

  • Оңтүстік бағытта: Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – әрі қарай сызба бойынша.
  • Кері бағытта: өзгеріссіз.

Бұған дейін Көлік министрлігі аптап ыстықта асфальт жол жабындыларының неге деформацияға ұшырайтынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: